«Ұлжан» телесериалының әуендері сахнада шырқалды

«Ұлжан» телесериалының әуендері сахнада жаңғырды. Алматыда Freedom Media онлайн-кинотеатры түсірген музыкалық хикаяның барлық бөлімінің шығуына байланысты үлкен концерт өтті. Ауқымды шара MEGA Alma-Ata сауда орталығында ұйымдастырылды. Оған сериал көрермені, өнерпаз бен басты кейіпкердің бейнесінен шабыт алған жас орындаушылар қатысты. Сахнада Karinae, Gaukhar Kass, Zhuldyz Sen, Rimma, Zara мен Zengir өнер көрсетті. Әсем ән, жанды дауыс пен шынайы сезім тоғысқан бұл кеш жобаның негізгі мақсатын айқындай түсті. Яғни қорқыныш пен күмәнге қарамастан, арманға ұмтылу.

Айта кетейін, «Ұлжан» – жай ғана музыкалық драма емес, еркіндік пен талантты дәріптейтін туынды. Жобаның авторларының айтуынша, әр көрермен бұл сериалдан өз өмірінің бір бөлшегін таба алады.

———————————————