Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
КІРПІШ ҚҰЛАДЫ
Кондиционер басына құлаған. Астанада тұрғын үйдің кірпіші құлап, жарақаттанғандарға көмекке барған 2 фельдшер зардап шекті. Біреуінің халі мүшкіл. Жансақтау бөлімінде жатыр.
АЛЫСҚА ҰЗАМАДЫ
Қарағандыда әйел мен баланы қағып кетіп, ізін суытқан жүргізуші ұсталды. Полиция күдіктіні тергеп жатыр. Көлігі айып тұрағына қойылды.
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ИПОТЕКА
Зейнетақы жинағын ипотека мерзімін қысқарту үшін пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Мамандар төлемді пайдаланудың жаңа тетіктерін нақтылап жатыр.
«КӨШПЕЛІ» КӨШЕТ
Атырауда бір жыл бұрын егілген тал-теректі түбімен қопарып, басқа жаққа отырғызған қала билігі сынға қалды. Жасыл желек тәртіпке сай отырғызылмаған болып шықты.
ОБЪЕКТИВ АРҚЫЛЫ
Алты жастан бері қолынан фотоаппараты түспеген. Оралдық фотограф объектив арқылы өрнектеген суреттерін жинап, музей ашуға ниетті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.