Алматыдағы №29 балабақшада тәрбиешілердің баланы ұрған бейнежазбасы тарады

Алматыдағы №29 балабақшадан тағы да шу шықты. Өткен аптада бұл мекемедегі ас үйде құрт-құмырсқа қаптағанын айтқан едік. Енді жақында әлеуметтік желіде жарияланған жаңа бейнежазба бұқараның наразылығын тудырды. Бұл жолы тәрбиеші балаларға қатысты дөрекі мінез танытты. Мына кадрларда мекеме қызметкерінің бүлдіршіндерді жұлқылап, орындарынан жылжытып жатқанын көруге болады. Жалпы соңғы уақытта жаңа жетекшінің келуімен мекеменің берекесі қашып, жағдайдың ушыққанын айтады ата-аналар. Тамақтың сапасы нашарлап, азық-түлік ұрлана бастады. Білім басқармасының мәліметінше, қазір арнайы мониторинг тобы жасақталды. Санитарлық қызмет пен полиция тексеріс бастады. Ата-аналар кінәлілерге қатысты шара қолдануды талап етіп отыр.

———————————————