Шымкент тұрғыны жүкті әйелдерді жәрдемақы алу үшін жалған жұмысқа орналастырған. Әлеуметтік төлем алып, 217 миллион теңге иемденген. Жеке кәсіпкерлердің электрондық-цифрлық қолтаңба кілтін пайдаланып, жүкті әйелдерді жұмысқа «өтірік» орналастырған. Мемлекетке 217 миллион теңге мөлшерінде залал келтірілген. Қазір бұл іс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қылмыстық кодектсің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған жымқырылған мүліктің үш немесе бес еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу немесе бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.