Павлодар облысында үй құстарының қырылу себебі анықталып жатыр. Қауырсын қанаттылардың жаппай қырылуы қыркүйекте басталған. Екі жарым мыңнан астам құстың өлексесі табылған. Дегенмен зертханалық сараптама нәтижесі құс тұмауы мен ньюкасл ауруы, сондай-ақ пастереллез және сальмонеллез дертін теріске шығарған. Ал өлген жабайы құстардан алынған сынамалар әлі зерттеліп жатыр. Бұл талдаулар Елордадағы зертханада жүргізілуде. Мамандар қауырсын қанаттылардың улану ықтималдығын тексеріп, жем құрамына да сараптама жасамақ. Ал ауыл тұрғындарына келтірілген залалды өтеу мәселесі әзірге шешілген жоқ. Қазір облыс бойынша бір жарым миллионнан астам үй құсы бар. Оның шамамен жиырма пайызы жеке шаруашылықтардың үлесіне тиесілі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.