Енді еліміздегі дәріханаларда тегін дәрі-дәрмектерді сатқандарға қатаң шара қолданылады. Бұған таңбалау жүйесі, яғни цифрландыру арқылы қол жеткізілген. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов осылай деп мәлімдеді. «Сондай-ақ дәрі-дәрмек қымбаттамайды. Тапшылық та болмайды деп сендірді», — ведомство өкілдері.
Биыл сатып алу ережесін жетілдіру нәтижесінде 70 млрд теңге үнемделіп, сол қаражат қажет дәрілерді сатып алуға жұмсалған. Тиісінше өңірлерде дәріхана жүйесін кеңейту көзделіп отыр. Өйткені «СҚ-Фармация» жанынан 21 млрд теңгеге жететін тұрақтандыру қоры ашылып, аса қажет және әлеуметтік маңызы бар дәрінің резерві құрылған. Сондай-ақ енді тегін берілетін дәрі-дәрмек жеке дәріханада сатылмайды.
ТИМУР МҰРАТОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Министрлік жасанды интеллектіні дәрілік заттарды жоспарлау мен уақытылы жеткізу ісіне қолдануды қарастыруда. Сондай-ақ жасанды интеллект жалған рецептілерді анықтау үшін де пайдаланады. Таңбалау жүйесінде жасанды интеллект кеңесшісі енгізіліп, ол нарыққа қатысушылардың таңбалау айналым ережесіне және заңнамалық талаптар бойынша автоматты түрде кеңес алуға мүмкіндік береді.
Медициналық ақпараттық жүйеде арқылы рецепт беру уақыты 2 есе қысқарды. Сондай-ақ дәрі-дәрмек қоры құрылған.
НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, «СҚ ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
— Дәрімен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай дистрибьютермен төмендемейтін қор құрылды. Бұл 2-3 айлық қажеттілікті жабуға мүмкіндік береді. Дәрілік заттардың төмендемейтін қорының тізбесі аурулардың негізгі топтары бойынша 2024 жылы 12 аталымнан, ал енді 2025 жылы 341 атауға дейін кеңейтілді.
Премьер-министр мемлекеттік орган мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді. Денсаулық сақтау министрлігіне монополияға қарсы мекемесімен бірлесіп бөлшек саудадағы дәрі дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Сонымен қатар дәрілерді дер кезінде жеткізуге қатысты мәселелер бар. Мұндай тәуекелдер әсіресе жылдың басында туындайды. Логистика мен сатып алу рәсімдерінің созылып кетуі де саладағы жағдайға кері әсерін тигізеді. Денсаулық сақтау министрлгіне «СҚ фармация» компаниясымен және әкімдіктермен бірлесіп, келесі жылға арналған дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды уақытылы сатып алу және үздіксіз жеткізу жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын.
Көптеген науқас дәрі-дәрмекті үзбей кестеге сай қабылдауға тиіс-деген Үкімет басшысы енді отандық препараттың да қолжетімді болатынын айтты.
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Үкімет басшысы отандық фармацевтика өндірушілеріне жүйелі қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Басты мақсат – сыртқы нарықтарға тәуелділікті азайту және дәрілік заттарды барынша қолжетімді ету.Осы ретте Қазақстанда шығарылған препараттарды тіркеу 2-5 жылдан 100 жұмыс күніне дейін қысқарғанын мысалға келтірді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.