Атыраулық дәрігерлер алғаш рет 74 жастағы науқасқа жамбас буынына тотальды эндопротез орнату операциясын жасады. Операция Жылыой ауданының ауруханасында өткен. Пациент көшеде құлап, жамбас сүйегінің мойны сынған күйде травматология және ортопедия бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер консилиумы егде жастағы адамның сүйегі өздігінен біте қоймайтынын, ал ұзақ уақыт қозғалыссыз жату өміріне қауіп төндіретінін ескеріп, шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдаған. Қазір зейнеткердің жағдайы жақсы, ауруханада емін жалғастырып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.