Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барды. Президент ұшағы мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресей Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін және ертең көрші елде болады. Мемлекеттік сапар аясында Владимир Путинмен келіссөздер жүргізіп, бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.