Грузияда апатқа ұшыраған әскери ұшақтың құлаған жерін іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Ұшақ сынықтары жатқан аумақ қоршауға алынған. Әуе апаттарын тергеу тобы тексеріс өткізеді. «Ұшақтың құлау себебі апат орнында авиациялық тергеу тобы жүргізетін жан-жақты зерттеу нәтижесінде анықталады», — делінген Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.
Айта кетейін, апатқа ұшыраған ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда 20 адам болды. Ешкім аман қалмады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.