Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 30 миллиард долларға жуықтады. Солтүстіктегі көршіміз біздің сыртқы сауда серіктестері арасында алғашқы үштікте. Ал Қазақстан Ресейдің бес негізгі серіктесінің қатарында. Былтыр елге келген ресейлік тауарлар көлемі 18 миллиард доллар болған. Биылғы 8 айда 11 миллиард доллар. Ресейден біздің елге ағаш бұйымдары, кондитерлік өнімдер мен шоколад, газ бен мұнай өнімдері келген. Ал біз ол жаққа уран, компьютер, ноутбук пен смартфондар жөнелткенбіз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.