Астаналық тұрғын сот арқылы 11 миллион теңгесін қайтарып алды. Бұған дейін ол осы ақшаны криптовалютаға инвестициялауға шақырған алаяқтарға аударып жіберген. Кейін уәде етілген табыс та, әлгі адам да жоқ болып кеткен. Сот барысында айыпталушылар қаржыны криптовалюта саудасына төлем ретінде алғанын айтқан. Алайда оны дәлелдейтін бірде-бір құжат ұсына алмаған. Бұған қоса тараптар арасында келісім де болмаған. Осыған байланысты сот аталған соманы иесіне қайтару туралы шешім шығарды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.