Цифрлық кодекс жобасы Мәжілісте қаралды

Депутаттар жаңа цифрлық кодекс арқылы интернеттегі жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелу тәртібін реттеу ұсынылды. Қазір Қазақстанда балалар TikTok немесе Instagram-ға ата-анасының рұқсатынсыз тіркеле алады. Ал кейбір мемлекетте мұндай шектеу 15 жастан басталады. Сарапшылар бұл бастама балаларды зиянды контенттен қорғап, цифрлық ортадағы қауіпсіздікті арттырады деп отыр.

ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Цифрлық кодекс жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында қаралды. Жаңа заңнама жасанды интеллект, деректер қауіпсіздігі және мемлекеттік қызметтердің онлайн форматқа толық көшуін жүйелеуге бағытталған. Осылайша, құжат елдегі цифрлық инфрақұрылымды құқықтық тұрғыдан реттеуге және жаңа технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Бұған дейін цифрлық заңнама жекелеген технология аясында қалыптасты. Жаңа құжат сол нормаларды бір жүйеге біріктірмек. Оның ішінде азаматтардың цифрлық активтері мен жеке деректерін қорғау тетіктері қарастырылған.

Депутаттар кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелу тәртібін де осы заңнмен реттеуді ұсынып отыр. Бүгінде Қазақстанда балалар TikTok немесе Instagram сияқты әлеуметтік желіге еркін тіркеле алады. Тіпті бес-алты жастан бастап-ақ, ата-анасының келісімінсіз және ешқандай жеке тұлғаны растаусыз жеке парақшасын ашу мүмкіндігі бар. Мамандардың пікірінше, бұл балалардың қауіпсіздігіне, психологиялық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Айта кетейік, мұндай шектеу әлемнің көптеген елінде бұрыннан бар. Мәселен, Дания мен Австралияда әлеуметтік желіге тіркелу жасы 15-16 жастан басталады.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Англия, Нидерланды әлемнің 40 пайыз елінде осындай шешім қабылдады. Қазақстанда Назарбаев зимяткерлік мектебі, Білім-инновация және алдынғы қатарлы озық меткептер осы шешемді қабылдап, мектепте телефон ұстуға тыйым салды. Нәтижесі оң. Бір-бірімен сөйлеседі, үлгеріміне де әсері болып жатыр.

ДМИТРИЙ МУНЖА, САНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Цифрлық кодексте бұл норманы қарастырмаймыз. Министрліктің басты мақсаты – жас ұрпақты сапалы білім алуда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дұрыс және қауіпсіз пайдалануға үйрету.

Депутат Екатерина Смышляеваның сөзінше, Цифрлық кодексте интернеттегі қауіпсіздік, жасанды интеллектті пайдалану және онлайн-қызметтерді реттеу мәселелері де қамтылады. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам цифрлық экономиканы дамытуға серпін беріп, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтпек. Жаңа цифрлық кодекске енгізілетін түзетулер Мәжілістің бірінші оқылымында қаралды.

———————————————