Жамбыл облысында оқушылардың улану жағдайына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Оқушылар тағамдық токсикоинфекциядан зардап шеккен. Бұл – алдын ала болжам. Нақты себеп микробиологиялық зерттеу аяқталған соң белгілі болады. Байзақ ауданының Мырзатай ауылындағы мектептің 12 оқушысы бургер мен сэндвич жегеннен кейін өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен. Дәрігерлер тексеруден кейін оларды үйіне жіберіп, бақылауға алды. Әзірге белгілісі, фастфуд өнімдері мектеп маңындағы дүкеннен сатып алынған. Айта кетсек, уланған 5-сынып оқушылары тегін мектеп тамағымен қамтылғандар қатарында емес. Қазіргі таңда балалардың жағдайы тұрақты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.