Freedom Lifestyle Talk: сандық экожүйеге жаңа инновациялық өнімдер енгізіледі

Алматыда кезекті Freedom Lifestyle Talk-та сандық кеңістікте қолданысқа енгізілетін жаңа өнім мен инновация жайында айтып берді. Олар сервисті интеграциялау, жүйелерді автоматтандыру және жасанды интеллект технологиясын дамытып жатыр. Айталық, «Арбуз» онлайн-супермаркеті – бүгінде Қазақстандағы жетекші сандық трансформация. Қызмет тек жеткізумен шектелмейді. Сатып алуға да жаңаша көзқараспен қарайды. Сатып алушы өз тапсырысын дауыстық хабарлама арқылы береді. Ал жүйе оның мекенжайы мен төлем жасау әдісін экранға қол тигізбей-ақ жүзеге асырады. Бұл жаңалық жыл соңына дейін іске қосылады. Экожүйеге қосылғаннан соң Freedom компаниясы тұтынушыларына 25 пайызға дейін кэшбэк ұсынады. Соның нәтижесінде «Арбуздан» сатып алатын өнімніңң бағасы офлайн дүкеннен де төмен бола түседі. Компания басшылығы: «Бұл – сатып алушыға қолайлы әрі ыңғайлы болу үшін жасалған бастама», — дейді.

———————————————