Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде келіссөздер жүргізді | 12.11.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҰШАҚ СЫНЫҒЫ ТАБЫЛДЫ
Грузия мен Әзербайжан шекарасында құлаған түріктің әскери жүк ұшағының сынықтары табылды. Апаттан 20 әскери опат болды.

СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Ресей – Қазақстан экономикасына қаржы салған жетекші инвестордың бірі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарының екінші күні экономикалық ынтымақтастық пен инвестицияға баса назар аударылды.

КӨНЕ ҮЙДЕН ҚАУІП КӨП
Елордада ескі үйлердің жағдайы жаппай тексеріле бастады. Бұған жақында бір үйдің қасбет кірпіші құлау оқиғасы себеп. Мамандарды небәрі 20 жыл болған үйдің сапасы сыр бергені алаңдатады.

ЦИФРЛЫҚ КОДЕКС
Цифрлық мәліметке құқықтық мәртебе берілуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары әр адамның дербес дерек қауіпсіздігін күшейтетін құжатты мақұлдады.

ҰЙҚЫНЫ АШАТЫН ҚҰРЫЛҒЫ
Жүргізушінінің жолда қалғып кетпеуін қадағалайтын құрылғы. Шымкенттік оқушылар көлік жүргізушілерін сергітіп, ұйқысын ашатын тың жобаны таныстырды.
———————————————