Астанада лифт құлап, жұмысшыларды жаншып қалды

Астанада жеделсаты құлап, шахтадағы жұмысшыларды жаншып қалды. Бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға «Арыстан» тұрғын үй кешенінде жөндеу жұмыстарын жасап жатқан кезде болған. Тұрғындардың айтуынша, жалпы бұл лифт жиі істен шығады. Кейде кенет тоқтап қалып, ішінде адамдар қалып қояды.

———————————————