Ақтөбеде оқыс оқиға. Мектепте жүрген 5-сынып оқушысының қолы екі жерден сынып, операция жасатты. Қазір қолындағы сым темірмен үйде білім алуға мәжбүр. Жағдай 6 қазан күні болды. Содан бері біраз уақыт өткенімен, баланың анасы енді ғана жан айқайын дүйім жұртқа жеткізіп отыр. Біреулер бұл істі сотқа жеткізбей жауып тастамақ болған. Ақжан Кәрімнің айтуынша, ұлын 10-сынып оқушысы спорт алаңында ұрып-соққан. Мектеп басшылығы бейнебақылау жазбасын көрсеткенімен, сапасы нашар. Ештеңе анық көрінбейді. Полиция өкілдері «кәмелетке толмағанға орташа ауыр жарақат келтіру» бабымен тергеп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.