Астанада тұрғын үйдің қасбеті опырылып, адамдар зардап шеккен жағдайдан кейін полиция тағы бір қылмыстық іс қозғады. Оқиға «Ауыр зардаптарға әкелген сапасыз қызмет көрсету» дерегімен тергеліп жатыр. Әзірге күдікті ретінде танылған адам жоқ. Бұған дейін елордалық полиция департаменті іс тіркелгенін, ол 278-бап «Сапасыз құрылыс» бойынша тергеліп жатқанын хабарлаған еді. Әкімдікпен бірлескен комиссия құрылып, сот-медициналық және құрылыс сараптамасы тағайындалған.
Еске салайық, 8 қарашада Астанада көпқабатты үйдің қасбетіндегі кірпіш қаптама құлаған еді. Бес адам жарақат алды, арасында екі медицина қызметкері бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.