Каспий жағалауынан 13 құстың өлексесі табылды

Каспийде құс қырылды. Жуырда теңіз жағалауынан қарақұтан, шаға мен үйректің 13 өлексесі табылды. Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы хабарлады. Мамандардың айтуынша, қазір өңірде құстардың көктемгі-күзгі миграциясы жүріп жатыр. Әлсіреген қанаттылар дауылға шыдамай, жағаға шығып қалған болуы мүмкін. Қазір оқиға ізімен тиісті мониторинг жүріп жатыр.

———————————————