Депутаттар балалардың әлеуметтік желіге тіркелу тәртібін заңмен реттеуді ұсынды

Мәжіліс депутаттары кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелу тәртібін заңмен реттеуді ұсынды. Қазір елімізде балалар TikTok пен Instagram-ға еркін кіріп, өз парақшасын аша алады. Тіпті бес-алты жасар бүлдіршінніңң өзі ата-анасының келісімінсіз-ақ жеке аккаунт жүргізіп жүргені жасырын емес. Мамандардың айтуынша, бұл баланың қауіпсіздігі мен психологиялық дамуына айтарлықтай қауіп төндіреді. Жалпы, мұндай шектеу әлемнің біраз елінде кеңінен қолданылады.

———————————————