Алматы облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында тоғыз жаңа мектеп ашылады

Алматы облысында жыл соңына дейін «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында тағы 9 жаңа мектеп ашылады. Өңірде биыл осындай 8 мектеп пайдалануға берілгенін ескерсек, бұл үш ауысымда бала оқытатын білім ошағының санын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Облыс аумағында қазір 28 үш ауысымды мектеп бар. Талғар, Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ ауданы мен Алатау қаласынан салынып жатқан келешек мектептерінің оқушыларға есігін айқара ашуы арқылы үш ауысымды білім ошақтарының саны 23-ке дейін азаяды. Ол өз кезегінде ауылды аймақтардағы сапалы білімге деген қолжетімділікті арттырып, мектеп ішіндегі жайлылықты қамтамасыз етеді. Өйткені жаңа құрылыс нысандарының бәрі заман талабына сай салынған және соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

———————————————