Енді кесілген әр ағаштың діңі штрихкодпен таңбаланады

Енді елімізде кесілген әрбір ағаштың діңі арнайы штрихкодпен таңбаланады. Пилот жоба әзірге «Семей орманы» мекемесінде жүзеге асырылып жатыр. Ағаш өндіріс орнына жеткенше электронды түрде бақыланады. Ал штрихкоды жоқ өнім заңсыз деп саналып, өндіріске жіберілмейді. Орман шаруашылығы комитетінің мәліметі бойынша, соңғы бес жылда орман 1300 рет заңсыз оталған. Мемлекетке 920 миллион теңге залал келген. 385 адам әкімшілік жауапқа тартылып, тағы 310 іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жаңа жүйе мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алуға және ағаш кесу лимитін нақты қадағалауға мүмкіндік береді. Келер жылдан бастап бұл жүйе еліміздегі барлық орман шаруашылығы мекемесіне енгізілмек.

———————————————