Қазақстанда спорт медицинасы тұралап тұр

Қазақстанда спорт медицинасы тұралап тұр. Білікті мамандар аз, спортшылар жарақат алса, қарайтын дәрігер жоқ. Мәселе бүгін Астана медицина университетінде өткен ғылыми конференцияда көтерілді. Мамандардың айтуынша, көп жағдайда спортшыларды жалпы практика дәрігерлері қарайды, бұл олардың кәсіби дайындығына әсер етпей қоймайды. Ал кадр тапшылығына спорт дәрігерлерін дайындайтын резидентураның жоқтығы себеп. Қазір мамандарға тек сертификат беріледі. Оны медицина университетін 2014 жылға дейін бітіргендер ғана ала алады. Ал оқу орнын жаңа бітірген жас қызметкерді бірден спорт медицинасына салу дұрыс емес. «Оның кем дегенде 3-5 жыл клиникалық тәжірибесі болуы керек», — деп есептейді сала мамандары.

———————————————