Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СОҢҒЫ САПАР
Астананың қақ ортасында көлік бағанға соғылып, жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. Полиция қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАДЫ
Ақтөбеде 10-сынып оқушылары өздерінен 5 жас кіші баланы ұрып, қолын сындырған. Анасы бүгін мәлімдеме жасады.
АПАТТЫ МЕКТЕП
Жетісай ауданына қарасты Көрікті ауылындағы жалғыз мектеп құлағалы тұр. Мұғалімдер салынғанына 12 жыл болған білім ошағын өздері жөндеуге кіріскен.
МӘМС МҮМКІНДІГІ
Келер жылдан бастап қазақстандықтар аурудың тағы төрт түрінен көмек ала алады. Ревматизм, қант диабеті, балалар арасындағы сал ауруын МӘМС арқылы емдеуге мүмкіндік туады.
ӘМБЕБАП САРБАЗ
Ел қорғайтын жауынгер әмбебап болуы керек. Қолына қару ұстап қана қоймай, алғашқы медициналық көмек көрсете білуі шарт. Арна тілшілері әскери госпитальдегі жағдайды көзбен көру үшін Жетісу өңіріне аттанды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.