Алматыда мопедші қайтыс болды. Ол жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты Райымбек даңғылы бойында, БАКАД-қа шығар жолда болды. Алдын ала дерек бойынша, мопед тізгіндеген адам батыс бағытқа бет алып бара жатқан. Ол жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.