Астанада лифт құлады: арнайы комиссия құрылды

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде шахтаға құлаған жеделсаты оқиғасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Көп ұзамай қайғылы оқиғаның нақты себеп-салдары анықталып, кінәлілер жазасын алады.
Еске салайық, кеше елорда тұрғындары дүр сілкінді. Астанада жеделсаты құлап, шахтадағы жұмысшыларды жаншып қалды. Бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Зардап шеккендер қазір ауруханада. Біреуінің жағдайы ауыр.

Оқыс оқиға «Арыстан» тұрғын үй кешенінде, жөндеу жұмыстарын жасап жатқан кезде болған. Тұрғындардың айтуынша, бұл лифт бұрыннан дұрыс істемейді. Жиі істен шығады. Кейде кенет тоқтап қалып, адамдар ішінде қалып қойған жағдайлар біраз болған.

———————————————