Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшының қазасына қатысты екі күдікті ұсталды. Олардың үстінен еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетсек, 26 тамыз күні зауыт аумағында изоляциялық жұмыстар атқарылып жатқан кезде автокөтергіш аударылып, мердігер ұйымның екі жұмысшысы қаза болған еді. Қазір тергеушілер техника қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына нақты кімнің жол бергенін анықтап жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.