Алматыда «Warner Bros» қаржы пирамидасын құрып, басқарған алаяқ бес жылға сотталды. Бұл жайында Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері хабарлады. Тергеу материалдарына сәйкес, олар тұрғындарға жоғары табыс уәде етіп, инвестиция салуға үгіттеп келген. Тіпті жобаға заңды сипат беру үшін голливудтық компанияның атауын пайдаланған. Осылайша қатысушыларға фильм трейлерін қарау және салымшыларды тарту арқылы табыс табу ұсынылған. Айта кетейік, жоба 9 деңгейден тұрғаны белгілі болды. Ал орташа салым мөлшері – 225 мың теңге. Сот санкциясымен жалпы сомасы 3,8 млн көлеміндегі криптоактивке тыйым салынды. Бұл шамамаен 4 млн-ға жуық доллар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.