Солтүстік Қазақстан облысында қырылған қанаттылардан құс тұмауы анықталмады. Алғашқы сараптама қорытындысы осыны көрсетті. Әзірге олардың нақты неден өлгені белгісіз. Өлекседен алынған сынама Астана қаласындағы ұлттық референттік орталыққа жолданды. Ал шығынға батқан ауылдағы ағайынға өтемақы төленбейді. Ветеринарлардың айтуынша, елдімекендегі құстардың ешбірі есепке қойылмаған. Сондықтан жұқпалы кеселге қарсы вакцина да уақытылы жасалмаған. Кеше Қызылжар ауданына қарасты Шаховское ауылында бірнеше мың қаздың қырылғаны жайында хабарлаған едік. Мамандар қазір үй-үйді аралап, қырылған құсты жойып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.