Құрылыс алаңдарында өрт жиілеп барады: мамандар қауіпсіздік шараларын күшейтті

Құрылыс алаңдарында өрт оқиғаларының жиілеуі мамандарды алаңдатып отыр. Сондықтан құтқарушылар құрылыс нысандарын аралап, жұмысшыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіруге кірісті. Шара барысында төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдары да көрсетілді. Мәселен, биылдың өзінде Сарайшық ауданы аумағында 5 өрт тіркелсе, оның 80 пайызы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. «Блок-контейнерлердің бір-біріне тым жақын орналасуы мен жұмысшылардың темекі шегу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамауы да – басты себептердің бірі», — дейді мамандар.

———————————————