Зайсан ауданындағы әуежайдың құрылысы тұралап қалды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы әуежайдың құрылысы тұралап қалды. Нысан келесі жылдың шілдесінде пайдалануға берілуі мүмкін. Алғашында осы жылдың соңында ашылады делінген болатын. Алайда техникалық кедергілерге байланысты ғимараттың жобасы мердігерге кеш берілген. Қазір құрылысшылар текке кеткен уақыттың орнын толтыруға ұмтылып жатыр. Осы уақытқа коммуникация желілері тартылып, жолақтар сызылып, ұшып-қону алаңындағы жұмыстар аяқталған. Зайсандағы және Катон-Қарағайдағы әуежайлар Президент тапсырмасына сай жүзеге асырылып жатыр.

———————————————