Сауда орталықтарына барушылар енді металл іздегіш құрылғымен тексеріледі

Қазақстандағы ірі сауда орталықтарына барушылар енді металл іздегіш құрылғыларымен тексеріледі. Сауда және интеграция министрлігі бұл талап MEGA және Keruen тәрізді ірі нысандарға қатысты екенін мәлімдеді. Аумағы 10 мың шаршы метрден асатын сауда орындары үшін металл іздегіштерді міндеті түрде орнату қарастырылған. Құжат қазір қоғамдық талқылауда. Жоба бойынша 26 қарашаға дейін ұсыныс қабылданады.

———————————————