Алматыда Қазақстандық қаржыгерлердің XIII конгресі өтті. Жиында цифрлық активтерді дамыту мен жаңғырту және басқарудың келешегі талқыға салынды. Қаржы саласындағы жаңа технологиялар да сөз болды. FREEDOM HOLDING CORP басшысы Тимур Турлов бұл қолданыстағы қаржылық құралдардың жаңа формасы екендігін атап өтті. Жаңа жүйе активтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Нарықтың міндеті – инвестор құқығын қорғай отырып, жүйеге деген сенімді арттыру. Сол арқылы сандық активтер қолжетімді болады.
ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM HOLDING CORP БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Цифрлық активтер алтын, шетелдік вальюта, бағалы қағаздар немесе отандық, шетелдік сандық активтермен бірдей қолданыста болып, клиенттердің барлығына қолжетімді болуға тиіс деп есептеймін. Олар өздері сенім артқан цифрлық банктерде сақталуы тиіс. Біз өз тарапымыздан клиенттерге қауіпсіз қызмет көрсету арқылы, бұл бағыттағы жабдықтарды қолдануды анағұрлым түсінікті жасауымыз қажет.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.