Елімізде бала жоғалу дерегі азаймай отыр. Жыл сайын үш жүзге жуық бала із-түссіз жоғалады. Осы мәселеге назар аудару мақсатында Freedom Media қазақ тіліндегі «Адасқан» сериалын ұсынды. Жоба аясында ересектерге жауапкершілік пен сақтықтың маңызын еске салатын #АДАСПА әлеуметтік науқанын іске қосты. Бес жасар ұлын Қаралы атты ойдан шығарылған қалада жоғалтқан отбасының оқиғасы телехикаяға негіз болады. Туындыда еріктілер мен іздеу топтарының тынымсыз еңбегі насихатталады. Сериалда қайғылы жағдайдың алдын алатын қарапайым, бірақ аса маңызды қағидаттарға басымдық берілген. «Ата-ана мен бала арасындағы берік байланыстың маңызы да көрерменге ой салары сөздіз», — дейді жоба авторлары.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.