Бүгін түнде Бельгия құрамасының футболшылары мінген ұшақ елорда әуежайына қонды. Олар 2026 жылы өтетін Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасына қарсы алаңға шығады. Мачт ертең, 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Қазір қос команда ойын алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.