Қ. Тоқаев: Ауыл шаруашылығы әрдайым мемлекет назарында

Ауыл шаруашылығы әрдайым мемлекет назарында. Осы саланың қарқынды дамуына үнемі ерекше мән беріледі. Бүгін Астанада Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

Мемлекет басшысы сөзін ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдіруден бастады. «Диқандар, мал шаруашылығы мамандары, шаруалар еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып жатыр», — деді Президент.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
– Соңғы он жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5 еседен астам өсті, яғни 3,3 триллион теңгеден 8,3 триллион теңгеге дейін көбейді. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы 2 есе арттыруымыз керек. Бұл – біздің қолымыздан келетін шаруа.

Форумда Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсетілді. Президент қолынан ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік награда алды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
– Ең алдымен, барша ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын деймін. Бұл, шын мәнінде, нағыз еңбек адамдарының мейрамы екені сөзсіз. Диқандар, мал шаруашылығы мамандары, шаруалар – бәрі де еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосуда. Қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін.

———————————————