Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысып, көз жұмды | 14.11.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

МОПЕДШІ ӨЛІМІ
Алматыда қайғылы жол апаты. Мопед жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысып, оқиға орнында көз жұмды.

ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛМЕЙДІ
Құсы қырылған кәсіпкерлерге ешқандай өтемақы төленбейді. Солтүстік Қазақстан облысындағы қаз-үйректен құс тұмауын жұқтырмаған.

ЛИФТ АПАТЫ
Елдегі жедел сатылардың 40 пайызы жарамсыз. Астанадағы тұрғын үйдің бірінде лифт құлап, кісі өлгеннен кейін жан-жақты тексеру басталды.

ЕҢБЕККЕРЛЕР ФОРУМЫ
Шаруалардың жұлдызы жанған күн. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік награда алды. Астанада алғаш рет Президенттің қатысуымен еңбеккерлер форумы өтті.

ҮШ ҒАСЫРЛЫҚ ЕҢБЕК
Көмір өндірісіндегі үш ғасырлық тәжірибе. Еңбек өтілі 219 жылдан асқан Тұрсынбаевтар әулеті биыл «Мерейлі отбасы» атанып, еңбек династиясының мәртебесін тағы бір арттырды.
———————————————