Конго кенішіндегі апат: 30 шақты адам қайтыс болды

Конго демократиялық республикасындағы кобальт кенішінде көпір опырылып, отыз шақты кенші қырылып қалды. Жергілікті билік құрбан саны әлі де артуы мүмкін екенін айтады. Апатқа аймақтағы нөсер жауын себеп болған. Лай көшкіні жүріп, көпірді шайып кеткен. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
———————————————