БҚО-да жол апатынан сегіз адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жан түршігерлік жол апаты 8 адамның өмірін қиды. Тағы 4 жолаушы түрлі дене жарақатымен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға облыстық Чапай – Жаңақала – Сайхын тас жолының 50-ші шақырымында болған. Екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел тергеу тобы және төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасының себеп-салдары тергеу барысында анықталады.
———————————————