Ақтау әуежайы эскалаторда жарақат алған балаға 2 млн өтемақы төлейді

Ақтау әуежайы эскалаторда жарақат алған қыз балаға 2 миллион теңге өтемақы төлейтін болды. Сот осындай шешім шығарды. Оқыс оқиға былтыр жазда болған. Қараусыз қалған бүлдіршін механизмге қолын тығып, саусағын сындырып алған еді. Балаға медициналық көмек көрсетілгенімен, 10 жасқа толғанда оған операция жасату керек. Осыған байланысты, қыздың анасы сотқа арыз түсіріп, моральдық өтемақы талап еткен. Әуежай өкілдері бастапқыда кінәсін мойындамағанымен, сотта қызметкер қателігінен 2 жастағы бүлдіршін саусағын қыршып алғаны дәлелденді.
———————————————