Ақмола облысында оқушы қызды өлтірген күдікті ұсталды

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз баланың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды. Ол ізін суытпақ болып, қашқан. Алайда бір күн болмайы Родина елді мекені маңында жүрген жерінен қолға түсті. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті оқушыны бірнеше жерден пышақтаған. «Енді ол тиісті жазасын алады», — дейді тәртіп сақшылары.
———————————————