Ақтөбеде «мектепте лаңкестік әрекет ұйымдастырамын» деген күдіктілер іздестіріліп жатыр

Ақтөбедегі білім ордаларында сақтық шаралары күшейтілді. Полиция мектеп маңы мен ішін тәулік бойы бақылауға алды. Төтенше жағдай қызметі де күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Белгісіз біреу әлеуметтік желі арқылы қаладағы №25 мектепте лаңкестік әрекет ұйымдастыратынын жазып, елді дүрліктірді. Полицейлер бұл ақпараттың өтірік екенін мәлімдеді. Шаһардағы барлық мектеп қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ал жалған ақпарат таратқан күдіктілер іздестіріліп жатыр.
———————————————