Сауда орталықтарына кіретіндер металл іздегіштен өткізіледі

Енді сауда орталықтарына кіретін адамдар мұқият тексерістен өтеді. Яғни әрбір тұрғынды металл іздегіштен өткізеді. Сауда және интеграция министрлігі осындай жаңа талап әзірледі. Бұл – адам көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздікті күшейту мақсатында қолға алынған жоба. Жаңа ереже аумағы 10 мың шаршы метрден асатын ойын-сауық, сауда нысандарында қолданылады. Жоба қоғамдық талқылауға шығарылды. Қарашаның 26-сына дейін ұсыныс қабылданады.
———————————————