Шығыс Қазақстан облысында көктемгі тасқынға дайындық қызу. Өңірде Ертіс жағалауы нығайтылып жатыр. Биыл көктемде Прапорщиково ауылында төтенше жағдай жарияланған еді. Өйткені өзен арнасынан асып, бағыты өзгерген. Салдарынан электр желілері мен тұрғын үйлерге қауіп төнді. Апаттың алдын алу үшін Қазақстан мен Қытайдың инженерлері бірлесіп, шекаралық аймақтағы өзеннің ағысын реттеп, түбін тереңдетуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.