Бүгін – мерзімінен ерте туған нәрестелердің халықаралық күні. Салмағы 2,5 келіден аз болса да, дәрігерлер шала туған балаларды аман алып қалып жүр. Мысалы, Қарағандыдағы перинаталдық орталықта жыл сайын 500-ге жуық сәби шала туады. Ал ел бойынша бұл сан 22 мыңға жуықтайды. Бүгін дәрігерлер кезінде тымаққа салып, адам қатарына қосқан балалармен кездесті.
ЕЛЕНА ВИНОГРАДСКАЯ, №1 ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Бұл баланы аман алып қалғанымыз – біз үшін үлкен қуаныш. Кейде қуаныштан өзіміз де жылап жібереміз. Әр бала ерекше, сондықтан әрқайсысына бар ынтамызбен қарап, болашақта қиындықтары аз болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз жуырда ғана салмағы 750 грамм болған нәрестені үйіне шығардық.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.