Яна Легкодимованы өлтіргендер өмір бойына сотталды | 17.11.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ӨМІР БОЙЫНА СОТТАЛДЫ
Өмір бойына бас бостандығынан айырылсын! Атырауда 23 жастағы қыз баланы өлтіргендерге сот осындай үкім кесті. Олар бойжеткенді көлік ішінде қылқындырып, денесін қала сыртына апарып тастаған.

ЖАЛҒАН ТЕРРОР
Ақтөбе мектептерінде қантөгіс жасаймыз деп елді дүрліктірген күдіктілер іздестіріліп жатыр. Полиция бұның жалған екенін мәлімдеді. Барлық білім ошағы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Дегенмен көпшілік орындарда қауіпсіздікті күшейтілді.

ТҰМАУ ӨРШІДІ
Соңғы бес күнде ел ішінде тұмау өршіді. 150 мыңнан астам адам ауруханаға түскен. Ал қыркүйектен бері елде бір млн-нан астам адам тұмау жұқтырды. Бұл «Гонконг» тұмауы ма? Тілші зерттеуі.

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ
Оралдағы жолаушы тасымалымен айналысатын компанияларға биыл 7,6 млрд теңге субсидия бөлінген. Бұл қаражатқа қоғамдық көлік қаншалықты жаңарды? Қызмет көрсету сапасы жақсарды ма? Халық пікірін ұсынамыз.

ҚАҚПАҚ КӘДЕГЕ ЖАРАЙДЫ
Семейде мектеп оқушылары қоқысты кәдеге жаратып жатыр. Олар кәдімгі сусынның қақпағын жинап, одан түрлі бұйым жасайды. Балалардың көзтартар туындылары көпшіліктің көзайымына айнала бастады.
———————————————