Жетісайдағы өрттен қаза тапқандардың жақындарына Президент көңіл айтты

Жетісайдағы қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың жақындарына Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Мемлекет басшысы Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажет көмек көрсетіп, оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.
———————————————