Түркістан облысындағы өрт болған үйге аймақтық балалар құқығы жөніндегі уәкіл аттанды. Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның айтуынша, үй ішінде екі отбасы болған. Яғни олардың арасында бала бар. Сондықтан бұл жағдайға бейжай қарай алмайтынын жеткізді.
ДИНАРА ЗӘКИЕВА, БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
— Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында 9 бала өрттен мерт болды. Үйде балалы-шағалы екі отбасы түнеген. Үйдің шатыры опырылып түскен. Аймақтағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен психологтер оқиға орнына аттанды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.