Құтқарушылар тұрғындарға пешті дұрыс пайдалану ережелерін түсіндіріп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 420-ға жуық өрт болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға көп. Төтенше жағдай кезінде 26 адам мерт болып, 30 азамат жарақат алған. Ал шығын көлемі 353 миллион теңгеден асты. Оқыс оқиғалардың дені жеке секторда болған. Сондықтан құтқарушылар жылыту маусымы басталғалы үйлерді аралап, тұрғындарға пешті дұрыс пайдалану ережелерін түсіндіріп жатыр. Әсіресе әлеуметтік осал топтағы отбасыларға басымдық беріледі.
———————————————