Астанада үстіне кірпіш пен кондиционер бөлігі құлап, зардап шеккен фельдшер көз жұмды. Айта кетейік, үйдің қасбетіндегі кірпіш құлауынан барлығы 5 адам зардап шеккен. Оның ішінде алғашқы көмек көрсету үшін оқиға орнына барған 23 жастағы жедел жәрдем өкілі Ұлдана Мырзуан да болды. Жас фельдшер басына төнген қауіп-қатерге қарамастан, зардап шеккендерге көмек көрсетуге ұмтылған. Сол сәтте оны да сау еткен кірпіш пен құлаған кондиционер бөлігі басып қалған. Медицина маманы жақында ғана отау құрған. Ол туралы марқұмның күйеуі біздің арнамызға берген сұхбатында айтып берген еді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.